Бүгінде біздің балабақша — инновациялық техголошияларды қолданатын, білікті педагогтар шоғырланған заманауи білім ордасы. Біз өткен күннің тәжірибесін сақтай отырып, болашақтың озық технологияларын тәрбие үрдісіне енгізіп келеміз.
Ортаңғы топ
3 жастағы балалар
Ересек топ
4 жастағы балалар
Біздің артықшылықтарымыз
Білікті педагогтар құрамы
Біздің тәрбиешілер — өз ісінің шеберлері. Олар әр баланың тілін тауып, оның бойындағы табиғи талантты ашуға көмектеседі.
Қауіпсіз және жайлы орта
Балабақша аумағы бейнебақылау жүйесімен толық қамтылған. Ғимарат пен ойын алаңдары балалардың қауіпсіздігі үшін стандарттарға сай жабдықталған
Теңгерімді 5 мезгіл тамақтану
Балалардың мәзірі пайдалы, дәрумендерге бай әрі дәмді тағамдардан тұрады. Біз өнімдердің балғындығы мен сапасын қатаң қадағалаймыз.
Инновациялық технология
Тәрбие жұмысында дәстүрлі әдістермен қатар STEM, Монтессори элементтері мен дамытушы ойындар кеңінен қолданылады.
Құжаттар бөлімі
Өзін-өзі бағалауы
Құжаттар
Фотогалерея
Оқыту-тәрбиелеу үрдісі
Ұйымдастырылған іс әрекеттер күн тәртібіне сәйкес ойын түрінде өткізіледі.
Физикалық қасиеттерді дамыту
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру.
Сынақ күніне жазылыңыз
Балаңызды топқа тіркемес бұрын, балабақшамызбен, оның жағдайымен және ішкі атмосферасымен таныса аласыз. Байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізбен міндетті түрде хабарласамыз.
Жаңалықтар мен іс-шаралар
Алтын Күз
Топтарда Алтын күз ертеңгілігі ұйымдастырылды.
Басшы
Калиева Сания Касеновна
Балабақша басшысы
«Бала жүрегіне жол табу — біздің басты мақсатымыз!» "Қымбатты ата-аналар! Баланы балабақшаға беру — әрбір отбасы үшін өте жауапты қадам. Біз сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін әрбір бүлдіршінге өз үйіндегідей жылылық пен қауіпсіздік сезімін сыйлаймыз. Біздің есігіміз сіздер мен балаларыңыз үшін әрдайым ашық!"